БҚО-да биотехнология зертханасы ашылды

21.09.2020

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Биотехнология және жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасы ашылды. Енді мұнда түрлі вирустық ауруларды, соның ішінде коронавирусты тереңірек зерттеп-зерделеуге мүмкіндік туады. Бұған қоса ғылыми зертханада COVID-19-ға ПТР талдау жасалады. Бұл бағытта мамандар патогенді ауруларды анықтау бойынша АҚШ-та білімдерін жетілдірген. 

Индира Бейшова, сынақ орталығының директоры:

- Біздің зертханамыздың материалдық жағдайы толық автоматтандырылған. Сондықтан адами қателіктерді жіберу мүмкіндігі өте аз. Қазіргі таңда осы зертханада 500-ден астам сараптама жасалды, короновирусты диагностикалауға байланысты.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу