Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларының бірінде бір тәулікте 180 мыңнан астам тауық қырылып қалды. Сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында да құстардың өлекселері табылған. Қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал Солтүстік Қазақстандағы 9 ауданда құс тұмауы ошағы анықталды. Теріскейге жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева облысқа 873 мың доза вакцина жеткізілгенін мәлімдеді. Құс тұмауы диагнозы дәлелденген соң арнайы комиссия жетіп, өлекселерді өртеу, дезинфекциялау жұмыстары басталды. Министрдің орынбасарының айтуынша, биологиялық қауіпсіз әрі оқшауланған аймақтар құрылмақ. Ол кәсіпорындар өз өнімдерін саудаға шығаруға мүмкіндік алады.
Сағындық Сәбитұлы