Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы қайта жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы қайта жанданады

21.09.2020

Бүгіннен бастап Ресей мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қайта жанданады. Екі ел арасындағы әуе рейстері өзара келісім негізінде аптасына бір рет жүзеге асырылады. Ал бұған дейін азаматтар елге оралу үшін құзырлы органдардан рұқсат талап етілетін. 

Ресейден Қазақстанға ұшып келген жолаушылар дене қызуын өлшетіп, сауалнамадан өтеді. Бұдан бөлек, COVID-19-ға сараптама жасалады. Яғни, қолында ПТР талдаудың теріс нәтижесі туралы анықтама болуы тиіс. Оның мерзімі 5 күнге ғана жарамды. Егер ондай анықтама болмағса, 48 сағаттың ішінде тест тапсыруы керек. Олай болмаған жағдайда 14 күн үй карантиніне жабылады.  

Ресей біздің елмен қатар Қырғызстан, Беларусь және оңтүстіккореялықтарға да әуе қатынасындағы қатаң шектеулерді алып тастады. 

Мадина Жолдас

Хабарламаларға жазылу