Жұртқа аузындағысын жырып берген қазақтың атымтай жомарттары кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұртқа аузындағысын жырып берген қазақтың атымтай жомарттары кім?

17.03.2018

Қазір қазақтың азаматтары жақсы үрдіс бастады. Елді есі кіресілі-шығасылы шенеуніктің қолына қаратпай ауылдарды өздері көтеруге кірісті. «Туған жерге туыңды тік» деген - осы. «Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр», - дейді қазақ.

«Apple» корпорациясының басшысы болған марқұм Стив Джобстың жұбайы Лорен Джобс Америкада заманауи білім бағдарламасын дайындауға 50 миллион доллар бөлді. «Facebook» әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг пен жұбайы Присцилла Чан қыздары дүниеге келгенде компанияның өздеріне тиесілі акцияларының 99 пайызын қайырымдылыққа беретінін айтты. Бұл шамамен 45 миллиард доллар. Аталмыш қаржы әлем халқының денсаулығын жақсартуға, емі табылмаған аурулардың алдын алуға жұмсалмақ.

Ал, қазір шетелге шығарда бәріміз қолданатын «Duty Free» желісінің негізін салған 85 жастағы Чак Фини соңғы 30 жылда қарттар үйін қаржыландыруға, мектептерді жөндеуге, ауруханалар салуға 6 миллиард доллар жұмсаған. Әлемнің ең үздік инвесторы атанған Уоррен Баффетт болса, қайырымдылық қорына бір мезетте ең көп қаржы аударған азамат атанды. Ол 2006 жылы 30 миллиард долларды қайырымдылық қорына құя салған. Жақсылығы өз басынан артылмайтын біздегі бай-бағландарға үлгі.

Десе де қазіргі қазақ қоғамы «Атымтай Жомарттардан» кенде емес екен. Осы мәселе турасында Гүлжазира Ғалиқызының сюжетінде.

Хабарламаларға жазылу