Е.Тоғжанов: Еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік орнату маңызды

18.09.2020

Қазіргі кезде жұмыс орындарын сақтау, уақытылы жалақы төлеу және еңбек дауларының алдын алу өзекті мәселеге айналды. Мұны тиімді реттеудің жолы – әлеуметтік әріптестік орнату. Бұл туралы Вице-Премьер Ералы Тоғжанов республикалық үш жақты комиссияның отырысында айтты. Онлайн жиында Үкімет, кәсіподақ ұйымдары және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасы қаралды. Жаңа келісім халықаралық еңбек ұйымы ұсынған тәсілдер мен индикаторлар негізінде әзірленіп жатыр.


Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу