Ақтөбеде карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарға 61 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Мобильдік топтар өткен демалыста бірнеше ірі сауда үйінің рұқсатсыз жұмыс істегені анықтады.
Олардың ішінде шаһардағы ең ірі киім базары да бар. Нысан иесіне 319 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ 24 қоғамдық тамақтану орны енді 7 миллион теңге айыппұл төлейді. Дегенмен облыстың бас санитарының қаулысымен енді мейрамханалар мен дәмханалар 50 адамға дейін қабылдай алады. Ашық алаңдағы кинотеатрлар да жұмыс істейді. Сұлулық салондары, фитнес орталықтары және спорт кешендерінің қызметі де қалыпты жалғасады. Алайда жексенбі мен мереке күндері сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.
Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
- 563 хаттама толтырылып бізге жіберілді. Ол бойынша 61382 020 теңге айыппұл жеке кәсіпкерлерге, жеке шаруашылықтар басшыларына әкімшілік шаралар қолданылды.
Жақсыбек Кемал