Көкшетаулықтар жылу үшін 128 миллион теңге қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулықтар жылу үшін 128 миллион теңге қарыз

18.09.2020

Көкшетаулықтар жылу беру мекемесіне 128 миллион теңге қарыз. Борышкерлердің басым көпшілігі жеке тұлғалар. Елде төтенше жағдай жарияланып, карантин болғандықтан берешекті өндіріп алу үшін ешқандай шара қолданылмаған еді. Енді жылу беру мекемесі ақшаны сот арқылы алуға кірісті. Сот орындаушыларға 2 200-ден астам іс жолданып, әзірге 23 миллион теңге қайтарылған. «Бұл қаражат жаңа жылу маусымына дайындыққа аса қажет», - дейді мамандар. Қарыз толығымен қайтарылмаса да, мекеме қалаға жылу беруге әзір.  

Самат Сматаев, «Көкшетау жылу» мекемесі филиалының директоры: 

- Қарызды өндіріп алу бойынша күн сайын шаралар қолданылуда. Бірінші кезекте жылудан ағытамыз, яғни маусым басталғанда абоненттер жылусыз қалуы мүмкін. Екінші бағыт сот арқылы. Мүлікті қолдануға уақытша шектеу қою, есеп-шоттарды бұғаттау сынды тетіктермен әсер етуге тырысамыз.    

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу