«5-10-20» бағдарламасы бойынша несие беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«5-10-20» бағдарламасы бойынша несие беріліп жатыр

18.09.2020

«5-10-20» бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталып, алғашқы үміткерлер үйлі болды.

Айта кетейік, өтініш беру 16 тамызда басталған. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде 1986 мен 2010 жылдар аралығында үй кезегіне тұрған азаматтар қатысты. Мұндай адамдардың саны 50 мыңнан асады. Соның 21 мыңы өтініш беріп, 8 мыңы бағдарламаның шарттарына сәйкес келген. Бүгін солардың 472-іне несие рәсімделді.

Бүгіннен бастап бағдарламаның екінші кезеңі де ашылды. Яғни, енді 2015 жылға дейін үй кезегіне тұрған азаматтарға мүмкіндік туды. Олар қыркүйектің 18 мен қазанның 17-сі аралығында өтініш бере алады. Ол үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтына кіріп, онлайн түрде тіркелу қажет. Айта кетейік, 2015 жылға дейін баспана кезегіне тұрғандар саны 190 мыңнан асады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу