Мүгедек жандарға арналған мамандықтар атласы әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек жандарға арналған мамандықтар атласы әзірленіп жатыр

17.09.2020

Қазақстанда алғаш рет мүгедектерге арналған мамандықтар атласы әзірленіп жатыр. Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасу жеңіл болмақ. Бұл туралы Вице-Премьердің төрағалығымен өткен әлеуметтік қорғау саласын жақсарту бойынша үйлестіру кеңесінде айтылды. Ералы Тоғжанов биыл осы санаттағы адамдарды қолдауға 435 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Алдағы жылы қаржыландыру 450 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы таныстырылды.  

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу