Ауыл инфрақұрылымын дамыту - басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл инфрақұрылымын дамыту - басты назарда

17.09.2020

Қарағанды облысы орталығынан 65 шақырымда орналасқан Ақтау кентінде қордаланған мәселе көп. Қазақстан коммунистік халық партиясының өңірдегі өкілдері жергілкті халықпен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысты. Елді мекенде осы күнге дейін жұрттың көбі ауызсуды тасып ішіп келді. Биыл 4 көшеге су құбырларын тарту жұмыстары басталған. Оған мемлекеттік қазынадан 76 миллион теңге қаржы бөлінген. Елдегі жағдайға байланысты құрылыс сәл кешеуілдеуде. «Дегенмен ай соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады»,-дейді мердігер. Партия өкілдері ауылдардағы инфрақұрылымдық мәселелер назарларынан тыс қалмайтынын жеткізді.

Александр Зевахин, Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы: 

- Ақтау кентіне және жақын маңдағы Мырза ауылына ауызсу тарту мәселесін 2011 жылдан бастап көтерген болатынбыз. Биыл да облыс әкімімен болған жиында осы сұрақты қойдық. Міне, жайлап шешіліп жатыр. Құбырларды тарту уақытынан кешіккен. Бірақ ай соңына дейін бітіреміз деп уәде берді. Кенттің инфрақұрылымына байланысты басқа да мәселелерді жергілікті билікпен талқыладық. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу