ҚХКП несиеге кешірім жасау бойынша арнайы комиссия құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХКП несиеге кешірім жасау бойынша арнайы комиссия құруды ұсынды

17.09.2020

Несиеге кешірім жасауды көтерген коммунистер партиясы бұл мәселені Үкіметтің шығыстарынан үнемделген қаражат есебінен шешуге болады дейді. Бүгін партия өкілдері осыған мүдделі тараптардың басын қосып, қоғамдық талқылау өткізді. Жиынға банк өкілдері, сот орындаушылары мен қарызын қайтара алмай жүрген азаматтар қатысты. Мәселені жан-жақты талқылаған тараптар мемлекеттік комиссия құру керегін айтты. Ол комиссия несиелік аудит жүргізіп, қаржыландыру көздерін нақтылауы тиіс. 

Нұрдәулет Оразханов - ҚКХП Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің бірінші хатшысы:

- Экономикалық белсенді жаңағы 9 млн азамат десек, жаңағы 9 млн азаматтың 80 пайызының банктер алдында несиесі бар. Карантин кезінде 4 млн 200 мың адам жұмыссыз қалған. Бұл жалпы жұмыссыздықтың 46 пайызын құраған екен. Мұндай біздің мемлекетіміздің тарихында болмаған. Яғни, төтенше шешімдерді де талап етеді.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу