Коммуналдық саладағы делдардарға тосқауыл қойылмақ

16.09.2020

«Коммунналдық саладағы делдалдарды жою қажет». Премьер-Министр атына депутаттық сауал жолдаған «Ақ жол» фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова осылай деді. Электр энергиясына арналған бағаны мемлекеттік реттеуді қадағалауды ұсынды. Шекті баға станциялар тобына қарай әр кВт/сағат үшін 2-теңгеден 14 теңгеге дейін ауытқиды. 

«Самұрық-Энерго» құрамындағы ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-ге кіретін ірі электр өндіруші саналады. Осы компания электр энергиясы және бәсекелестік туралы заңдарды бұза отырып, ГРЭС-1 өндіретін энергия құны 1 кВт/сағаты 5 теңге 76 тиын болса, ал ГРЭС-2 өндіретін қуат құны 7теңге 31 тиын. Қымбат энергия көзін кәсіпкерлерге сатып отыр. 

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

 - Мемлекеттік компания электр энергиясын тікелей емес, жеке делдал энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арқылы сатады. Мәселен, «Қазақстан темір жолы» АҚ жыл сайын тікелей ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-ден емес жеке энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алуға мәжбүр. Ал «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулар туралы ережесіне сай, электр энергиясын конкурссыз-ақ қор тобына кіретін аталған станциялардан тікелей сатып алуға мүмкіндік береді.


Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу