Түрік әскері Сирияға кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік әскері Сирияға кірді

28.08.2016
Түрік әскері Сирияға кірді

Осы аптаның ортасында түрік әскері Сирияға басып кірді. Мақсат – «ДАИШ» пен күрд жасақтарын ығыстыру. Операция сәтті болса, бұл аймақ Анкараға арқа сүйеген оппозицияның қарамағына өтіп, Сирияның теріскейінде Түркияның ықпалы күшейеді. Яғни, шекараның арғы жағында күрдтердің мемлекет құру әрекетіне тосқауыл қойылмақ.

Түркия армиясы соғыс науқанына күрд содырлары Манбидж қаласын алып, өзге елді мекендерге шабуылдай бастағанда кірісті. «ДАЙШ»-қа келсек, соңғы кездері түрік жерінде жасалған дүркін-дүркін жарылыстарға осы ұйымның да қатысы бар деген күдік мол. «Бұл соғыстың басқа да мақсаты болуы мүмкін», дейді сарапшылар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу