ШҚО-да бір жыл бойы жерлестерінің малын ұрлап келген барымташылар ұсталды
Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында барымташылар ұсталды. Алтыншоқы елді мекенінің екі тұрғыны соңғы бір жылдан бері жерлестерінің жылқысы мен сиырларын ұрлап келген. Бүгінде олардың осындай 8 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. 33 және 43 жастағы ер адамдар таяуда ғана Таскескен ауылының маңындағы жайылымнан 5 жылқыны үптеп кеткен. Ұрланған малдың бір бөлігін тірідей сатса, қалғанын сойып, етін дүкен мен базарларға өткізіп отырған. Жалпы, жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер мал ұрлығымен айнылысқан 14 қылмыстық топты ұстады.
Сағат Мәдиев, облыстық полиция департаментінің бастығы:
- Тінту барысында ұсталғандардың үйінен 200 келіге жуық тұтас ет, үйдің ауласынан ұрланған 2 құлынды бие, малдың терісі тәркіленді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07