Елордада 1 млн теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификатын алатындардың саны артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 1 млн теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификатын алатындардың саны артады

16.09.2020

Елордада тұрғын үй сертификатын алатындардың қатары көбейеді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. Бұрын бұл тізімге көпбалалы, толық емес отбасылар кірсе, енді әлеуметтік осал топтар қосылды. Соның ішінде ата-анасыз қалған балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, ардагерлер бар. 

Тұрғын үй сертификаттары 1 миллион теңге көлемінде беріледі. Оны «Шаңырақ» бағдарламасына пайдалануға болады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл бас қаладағы қолжетімді баспананың құрылысы үш есеге көбейді. 

Ал, Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында да көп ұзамай көпбалалы және тұрмысы нашар отбасылардың баспана мәселесі шешілетін болды. Ол үшін аудан орталығында екі пәтерлі 10 үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары біткен соң бұл баспана «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне және «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға беріледі.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу