Праймеризге қатысушылар халықтың әл-ауқатын түзеуді көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймеризге қатысушылар халықтың әл-ауқатын түзеуді көздейді

15.09.2020

Праймеризге қатысушылар арасында бәсеке қызып тұр. Кандидаттардың көпшілігі өз саласындағы күрмеуі қиын мәселелерді оңтайлы шешіп, халықтың әл-ауқатын түзеуді көздейді. Үміткерлер қатарында аграрлық сала мен отандық өндіріс бағытында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер де бар. 

Бекет Құдайбергенұлы ұзақ жыл ауыл шаруашылығы саласында қызмет етті. Праймериз арқылы аграрлық саланың кемшін тұстарын дамытсам дейді. Бағдарламасында азық-түлік қауіпсіздігі, жұмыссыз азаматтар мен жастарды ауыл шаруашылығы саласына қызметке тартуды көздейді. Сондай-ақ қалалар маңындағы жер телімдерін тұрғындарға пайдалануға беріп, оны игермегендерге шара қолдану қажет, - дейді кәсіпкер.

Бекет Әбішев, кәсіпкер:

- Декларация жазу керек. Қандай жұмыс жасалды?, Не егіледі?, Не өсіріледі?, Не жайылады дегендей. Егерде оны істемесең Үкіметке соттаспай-ақ өткіземін.

Ал нұр-сұлтандық кәсіпкер Мансура Жәкенбаева праймеризге шағын және орта бизнес өкілдерінің атынан түсіп отыр. Нақтырақ айтсақ, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес иелерінің санын арттыруды мақсат тұтқан. Бағдарламасында осы бағыттағы төрт проблеманы көтермекші.

Мансура Жәкенбаева, кәсіпкер:

- Біріншіден - қазір жедел көмек. Ол қазір карантиннің кезіндегі көмек деп ойлаймын. Екіншіден - өндірісті көтеру. Үшінші жағдай ол - біздің бизнестегі әйелдер жағдайы. Төртінші, жастарға жол беруіміз керек. 

Айта кетейік, кеше праймериз кандидаттары арасында дебат басталып, үміткерлер бақ сынасты. Бұл кезең 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал сайлау 1 қазан күні өтеді.


Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу