Ақтаулық жүргізуші ереже бұзғаны үшін 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін
Ақтауда Audi автокөлігі жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзғаны үшін 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. 096 нөмірлі автомобиль алдындағы көлікті басып озып, қос жолақты жолды кесіп, қарсы бетке шығып кеткен. Жүгенсіз жүргізушінің бұл әрекетінің зардабы ауыр болуы мүмкін еді. Қайта қарсы келе жатқан көлік дер кезінде жылдамдықты азайтып үлгеріп, апаттың алдын алған. Ережені елемеген жүргізуші қолға түсіріліп, көлігі айыптұраққа қойылды.
Әйгерім Ибатуллаева, ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 596-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды.
Аягөз Оралбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07