Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының ісі жайлы бүгін облыстық прокуратура жаңа деректерді жария етті. Жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет жөнінде жауапты болған Жақсылық Шалабеков сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Ол 2018 жылы Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын - құрылыс компания өкілдерімен алдын ала сөз байласып, талан-таражға салған, - деп күдікке ілініп отыр. Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып өткен жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.
Нұрсұлтан Қалдырбай, облыстық прокуратураның ресми өкілі:
- Қылмыстық-процестік кодекстің 128-ші бабы негізінде ұсталды. Бүгінгі күні Шалабеков 2 айға қамауға алынды. Оның қылмыстық әрекеттерімен мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірілген.
Руслан Нұрланұлы