Бурабайдағы мектеп басшылығына санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды
Бурабайдағы «Айқанат» мектебінің басшылығына айыппұл салынды. Өйткені Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткен мектептің ашылу салтанатында санитарлық талаптар сақталмаған. Шараға қатысқан 100-ден астам адам медициналық маскасыз тұр. Ішінде кәсіпкер Айдын Рахимбаев та бар. Енді ашылмай жатып дауға қалған білім ошағының басшылығы айыппұл төлеуі тиіс.
Айнагүл Мусина, Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:
- Коронавирустың таралу қауіпіне байланысты енгізілген санитарлық ережелер сақталмаған. Бұған бей-жай қараған мектептің жауапты тұлғалары 638 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07