ҰҚК бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған 15 адам қорқытып алумен, рейдерлікпен және қару саудасымен айналысқан.
Олар «Әлібековтер», «Иброгимовтер» және «Махмудовтар» деп аталатын қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелері. Тіпті біреуі Ресейде адам өлтіріп, қарақшылықпен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Тергеу мәліметтері бойынша олар кәсіпкерлерді қорқытып, мүлкін тартып алумен айналысқан. Жасырынған жерлерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрілер, тіпті жарылғыш заттар табылған. Қазір барлығы уақытша қамау абақтысында жатыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07