Қазақстандық балғын Норвегиядағы велошеруге қатысты

14.09.2020

Қазақстандық жеті жасар Альтаир Омаров Шығыс Норвегия қалаларында ұйымдастырылған велошеруге қатысып, жаһан жұртын аждаһа қарудан бас тартуға шақырды. «Ядросыз әлем» бастамасын қолдауға бағытталған шараны еліміздің осы мемлекеттегі дипломаттары «Бейбітшілік үшін велосипедшілер» қозғалысымен бірге ұйымдастырды. 

Салтанатты старт Брумундаль қаласындағы биіктігі 85 метрден асатын ағаштан жасалған әлемдегі ең үлкен нысанның жанында басталды. Алты күнге созылатын велошеру барысында қатысушылар Шығыс Норвегияның бірнеше қаласын аралайды. 

Альтаир Омаров, велошеруге қатысушы:

- Менің осы велошеруге қатысудағы мақсатым - әлемде соғыс болмаса екен деп тілеймін. Әр елдің балалары бір-бірімен еркін ойнай алатын бейбіт әлемде өмір сүргім келеді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу