Жапонияның билік басындағы партиясы жаңа премьерді сайлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның билік басындағы партиясы жаңа премьерді сайлап жатыр

14.09.2020

Жапония билігіндегі партия жаңа премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беріп жатыр. Денсаулығына байланысты отставкаға кеткен Синдзо Абэнің орнына үкіметтің қазіргі бас хатшысы Йошихиде Суга келеді деген болжам бар. 

71 жастағы үміткер - Абэнің жақын одақтасы, сондықтан ол экс-премьердің саясатын жалғастырмақ. 

Құлпынай фермерінің баласы Суга – ардагер саясаткер. Ол әлемнің үшінші экономикасын 2021 жылы қыркүйекте өтетін парлементтік сайлауға дейін басқаруы мүмкін. 

Оның кандидатурасы ертең парламенттен де өтетініне күмән шамалы. Өйткені, заң шығару органында Суганың партияластары – либерал-демократтар басым дауысқа ие.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу