Өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус анықталды

13.09.2020

COVID-19 вирусы ПТР тесті бойынша өткен тәулікте 74 адамнан анықталды. 97 адам емделіп шыққан. Ал коронавирустық белгісі бар пневмония бойынша өткен тәулікте 346 адам тіркелген, 1 адам қайтыс болған, 36 адам емделіп шыққан. Бір айта кететіні, пневмонияға шалдыққандар мен қайтыс болғандардың есебін Денсаулық сақтау министрлігі тек тамыздан бері жүргізіп келеді. Тағы бір айтатыны, COVID-19 жұқтырғандар туралы мәліметтер азайғанымен, пневмония жұқтырғандар жайлы мәліметтер азайған жоқ. Бұл әрине, ылғи қаперде ұстайтын ақпар.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан – карантин режимін бірқатар босаңсытқан. Мысалы, мейрамхана, дәмхана сияқты қоғамдық тамақтандыру орындарына түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Клиент саны 30-дан аспауы керек. Тұрғын үйлерде орналасқандары түнгі 22:00-ге дейін істей алады.


Хабарламаларға жазылу