Шымкентте індеттің екінші толқынына қарсы үш түрлі жоспар әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте індеттің екінші толқынына қарсы үш түрлі жоспар әзірленді

11.09.2020

Шымкент қаласында соңғы үш тәулікте коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді. Ал індеттің 2-ші толқынына дайындықтың 3 түрлі сценарий әзірленді. Бірінші жоспар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, науқастарға 1 мың 380 төсек орын дайын. Екінші, жағдай күрделене түссе, провизорлық және инфекциялық стационарларда төсек орын 4 мыңға дейін ұлғаяды.

Ал жұқпалы аурулар өршісе, яғни үшінші жоспарға сай науқастарға 5,5 мың орын әзірленеді. Пневмония диагнозын жедел анықтау үшін емдеу мекемелеріне 3 компьютерлік томография қондырғысы сатып алынды. Сондай-ақ ауруханалардағы жансақтау бөлімдеріне 700-ден астам оттегі тарату нүктесі орнатылды. Әрі дәрі-дәрмектің екі айға жететін қоры жасақталды. 6 зертхана іске қосылды. Қосымша тағы 2 зертхана сатып алу жоспарлануда.  

Ғалымжан Әбіш, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Ауруханаларда және провизорлық стационарларда оттегі сақтайтын 9 резервуар сатып алынып, дайындалды. Сонымен қатар 3 оттегі өңдеу станциясы орнатылды. 

 Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу