Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент Жолдауын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент Жолдауын талқылады

10.09.2020

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Президенттің Жолдауын талқылады. Жиында ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестіктерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде Жолдауды түсіндіруге және оны іске асыру мәселелерін талқылауға шақырды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер халықты шағын бизнеске баулу саласында жобалар әзірлеп, жүзеге асыра алатынын айтты. Бастаманы шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттары да қолдады. 

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің этномәдени орталықтарымыз ел экономикасының дамуына белсене араласа алады. Ең бастысы халықтың бір-біріне деген қарым-қатынасы дұрыс болса, ауызбіршілігіміз арта түсері анық. Президенттің осы Жолдауда айтқан тапсырмаларының жүзеге асуына атсалысып, нақты ұсыныстар дайындауымыз қажет.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу