Оралда жылу бағасы өседі
Оралда жылу бағасы өспек. Коммуналдық кәсіпорын тарифті 15 пайызға көтеруді көздеп отыр. Бұған себеп көп. Біріншіден, мекеме қарызының қордалануы. Қазір «Жайықжылуқуат» АҚ көгілдір отын үшін 1 млрд теңгеге жуық қарыз. Мұның өзі коммуналдық ақыны уақытылы төлемеудің салдары. Бүгінде тұрғындардың жылуға берешегі 412 млн теңгеге жеткен. Сондай-ақ азып-тозған желілерді жөндеу де өзекті.
Қуат Мусин, «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры
- Біз шекті тариф бойынша жұмыс істеп келдік. Аталған тариф 5 жыл бұрын бекітілген еді. Енді биыл жаңасын жасақтағалы отырмыз. Өтінішімізді бердік. Ол бойынша жылу құнын 15 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Баға Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткеннен кейін күшіне енеді.
Рауан Диәли
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07