Оқушыларды қашықтан оқыту жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларды қашықтан оқыту жалғасады

10.09.2020

Қандай қиындықтар болмасын қашықтан оқыту жүйесі жалғасады. Себебі елдегі эпидахуал әлі тұрақталған жоқ. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Министрлер де бұған қатысты бірнеше себепті атады. Біріншіден вирустың балаларға жұғу қаупі жоғары екенін шетелдегі жағдайлар көрсетіп отыр. Әрі олар тасымалдаушы болып келеді. Сыныптастары мен ұжымға, ата-анасына жұқтыру қаупі жоғары. Біреуі ауырса, бүкіл сыныпты карантинге жіберуге тура келеді. Сондай-ақ бастауыш сыныптарға санитарлық талаптарды түсіндіру қиын. Сабақ басталғалы екі апта әлі өткен жоқ, сондықтан анализ жасауға ерте. Жыл сайын балалалардың басым бөлігі жұқпалы вирустық аурулармен ауырады. Бұл иммуниеттің әлсіреуіне әкеледі. Сондықтан І тоқсанда оқу осы режимде жалғасады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Қашықтан оқытуға 70 млн бөлінді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қашықтан оқыту тек биыл ғана сәуір айында енгізілді. Ол кезде бюджеттен ешқандай ақша бөлінген жоқ. Төтенше жағдай кезінде платформалар ақша сұраған жоқ. Тіпті телевизиялық сабақтар да тегін өтті. Ал Дүниежүізілік банкіден алған қарыз бойынша қаражат өзара келісімге сәйкес 2021 жылы ғана қажетті бағытқа жұмсалады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу