Оңтүстік Қазақстан облысында жарылыс болып, екі адам қаза тапты
Аталған өндіріс орны жарылғыш заттарды залалсыздандырумен айналысады. Облыстық Төтенше жағдай департаментіндегілердің таратқан мәліметіне қарағанда, қайғылы жағдай ауысым кезінде болған көрінеді.
Жарылыстың қатты болғаны соншалық, сол жерде тұрған 1982 және 88 жылғы екі жұмысшы тілге келмей, қаза тапқан.
Ал, үшінші қызметкер І дәрежелі дене күйігімен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Абырой болғанда, оқ-дәрі сақталған қоймаға залал келмепті.
Нұрлан Темірбаев, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
Қазіргі таңда жарылыстың дәл неден болғанын және келтірілген шығын көлемін аудандық Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері мен ТЖД тарапынан құрылған арнайы топ анықтап жатыр. Солардың анықтау нәтижесінде белгілі болады.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев:: «Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс»
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00