Алма бақты отағандар жазаланған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алма бақты отағандар жазаланған жоқ

09.09.2020

Алматыда тау етегіндегі алма бақты отағандарға қатысты тергеу тоқтатылды. 100-ге жуық ағашты тамырымен жұлып әкеткендер жазаланған жоқ. Алғашында Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу басталған. Алайда прокуратура өкілдері: «Сол аумақта жол төселетін болғандықтан, топырағы сыртқа шығарылған. Ешқандай ұрлық дерегі байқалмайды»,- дейді. 

Дегенмен біреудің меншігіне рұқсатсыз кіріп, сирек кездесетін алма ағаштарын балталап, қара топырақты саудалағандарға қатысты тергеу жүргізілген. Бұл бапқа сәйкес шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен асса, ғана қатаң жаза қолданылады. Ал мамандар тау етегіндегі бақтың шығынын 77 мың теңгеге жуықтайды деп есептеген. Сондықтан шығын көлемі аз болғандықтан, прокуратура қылмыстық іске қатысты тергеуді тоқтатқан. Ал Ұлттық экологиялық аудиторлық палатаның өкілдері табиғатқа келген шығын көлемін 70 миллион теңге деп бағалап отыр.

Хабарламаларға жазылу