Шымкенттегі ең ірі провизорлық орталық жабылды

08.09.2020

Шымкент қаласында ең ірі провизорлық орталық жабылды. Орталықта ем алып жатқан соңғы науқас бүгін сауығып үйіне шықты. «Атамекен» оңалту орталығындағы провизорлық стационар биылғы жылдың 15 наурызынан бастап жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында мұнда коронавирус инфекциясы мен пневмония ауруына шалдыққан 3,5 мың науқас емделіп шықты. Стационар 500 орынға лайықталған.

Олжас Ыстамқұлов, провизорлық орталықтың дәрігері:

 - Халқымыз ауырмасын. Өзімізді өзіміз күтуіміз керек.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу