ДДСҰ: Әлем келесі пандемияға дайын болуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Әлем келесі пандемияға дайын болуы керек

08.09.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлемді келесі пандемияға дайын болуға шақырды. Мұндай мәлімдемені Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада өткен баспасөз маслихатында жасады. «Бұл – соңғы пандемия емес. Тарих бізге эпидемияның өршуі – өмір шындығы екенін үйретті. Сондықтан, оған қазіргіден әлдеқайда дайын болуымыз керек», - дейді халықаралық ұйым жетекшісі. 

Соңғы мәліметке қарағанда, планетада коронавирус жұқтырғандар 27 миллионнан асып, 891 мыңы қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу