Елордада тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды

08.09.2020

Елордада тұмауға қарсы екпе егу басталды. Тұрғындар оны кепілдендірілген медициналық көмек негізінде тегін салдырады. Ол үшін емханаға тіркелген болса жеткілікті. 

Вакцинаны алты айлық балаларға да ектіруге болады. Тұмауға қарсы екпе тек ақуызға аллергиясы бар адамдарға егілмейді. Қазіргідей коронавирустық жағдай кезінде денсаулықты нашарлатып алмау үшін мамандар екпені уақытылы қабылдау керектігін айтады. Себебі бұл жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алу арқылы тұмауға қарсы иммунитет қалыптастырады. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу