ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті
Шығыс Қазақстанда мас көлік жүргізуші 4 баланы қағып кетті. Бородулиха ауданында болған жол апаты салдарынан 10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Басқа балалар түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілген. Жаңа Шүлбі кентінде тұратын 31 жастағы жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Елжан Қайыртаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Балалардың бірі Семей қаласында облыстық ауруханада реанимация бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Одан басқа екі бала жергілікті жерде қаралып, кішігірім жарақаттар алған, дегенмен олар үйлеріне босатылған.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02