Кавасаки синдромы екі жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кавасаки синдромы екі жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі

07.09.2020

Алматылық балалар дәрігері Кавасаки синдромы екі жасқа дейінгі бүлдіршіндерде жиі кездесетінін айтты. Бұл ауру әсіресе, коронавирус көп тараған елдерде белең алуда. Біздің елде де тіркелді. Ақ халаттылардың сөзінше, қазір адамдармен қарым-қатынасты барынша азайту керек. Егер адам көп жүретін жерге барып жатса міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаған дұрыс. Одан бөлек, баланы көпшілік орындарда тамақтандырмаған абзал. Ең бастысы, жасөспірімдердің иммунитетін көтеруге күш салу қажет. Сондай-ақ, инфекционист дәрігерлер Кавасаки синдромының белгілерін де атады.    

Ғалия Құттықожанова, қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігері: 

 - Жөтел, бөртпе, аяғы мен қолының ұш жақтарының ісінуі мен дем алуының қиындауы осы аурудың белгілері болып табылады. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу