СҚО-да CLAAS комбайндары құрастырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да CLAAS комбайндары құрастырылмақ

07.09.2020

Солтүстік Қазақстанда келесі жылдан бастап Германияның CLAAS комбайндары шығарылатын болды. 2 жылдан артық жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Петропавлда белгілі марканың ауыл шаруашылығы техникалары келесі жылы құрастыра бастайды. Өнімділігі мен қуаты жоғары трактор-комбайндар және егістік кешендерін жинау барысында 50-ден астам жергілікті тұрғын жұмысқа тартылады. Жалпы, бұл кәсіпорынның ашылуына байланысты 300 миллиард теңге инвестиция құйылмақ. Жылына 300 техника шығарылу жоспарланып отыр. Бұл жобаның басты ерекшелігі - қазіргі күні 240 миллион теңге шамасында тұратын комбайндар енді екі есе арзанға түспек. 

Медет Оспанов, Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарамсының басшысы: 

- 25 пайыз техниканың сомасынан республикалық бюджеттен субсидияланады. Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен 10 пайыз субсидия төленеді, 12 пайызы НДС және 5 пайыз кедендік шығындары.

Сағындық Сәбитұлы

 

Хабарламаларға жазылу