Петиция платформасын әзірлеу бәсекелі ортаға берілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петиция платформасын әзірлеу бәсекелі ортаға берілуі тиіс

07.09.2020

Онлайн петиция беру платформасын әзірлеу бәсекелі ортаға берілуі тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы, елімізде баламалы петиция платформаларының пайда болуынан мемлекет ұтады деген пікірде. Сайтта жарияланған өтініштердің барлығына бірдей жауап берілуі шарт емес. «Десе де, билік қоғамды толғандырған мәселелерден хабардар болып отырады», - дейді кеңес мүшесі.

Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Қайта бәсекелестік болады, ашықтық болады. Содан кейін барлығы бір жерге топтастырылатын болатын болса оны өңдеп, сараптап, жүйелеу жұмыстары бар ғой, ол да бір ғана жерде болса қиындау болуы мүмкін.

Президент халыққа Жолдауында азаматтардың петиция беру құқығын заңдастырып, арнайы платформа құру тапсырған. Және қол жинауды бұрмалауға жол берілмеу керектігін ескерткен. «Кәсіпкерлікті сақтайық» деген петицияны алғашқы болып тамызда жариялаған otinish.kz сайтының мамандары бизнестің үні Президентке жетті дейді. Өтінішке қойылған әр лайк жеке куәлік нөміріне байланған.

Науат Азанбаева, otinish.kz сайтының медиа-менеджері:

- Сайтқа кірген кезде өзіңіздің нөміріңізді, аты-жөіңізді беруіңіз керек.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу