Отандық кәсіпкерлерге басымдық берілуі тиіс
Алдымен отандық кәсіпкерлерге басымдық берілуі тиіс. Осы қағиданы ұстанған Ұлттық кәсіркерлер палатасы Өскемендегі «Ульба-электро» мекемесінің шаруасын дөңгелетіп әкетуіне ықпал етті.
Мекеме бірнеше жылдан бері насос жабдықтарын жасаумен айналысады. Бірақ, су жабдықтарына сұраныс аз болған. Ал, жергілікті су арнасы мекемелері болса, дәл сол құралдарды шетелден әкеліп орнатады. Бұл өңірлік палата сарапшыларын алаңдатпай қоймады.
Мамандар жергілікті шаруашылық мекемелері мен пәтер иелері қауымдастығы өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Владимир Рябцев, «Ульба-электро» ЖШС директорының орынбасары:
Отандық өнімдерге басымдық берілуі керек делінгенімен, іс жүзінде ол орындалмайды. Бірнеше рет су арнасы мекемесімен, қала басшыларымен келіссөздер жүргізген едік. Нәтиже болмады. Сосын өңірлік палатаға өзім хат жаздым. Міне, бір аптаның ішінде бізге тапсырыс беріле бастады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бала құқығын қорғау жұмысы күшейтіліп жатыр
11.06.2026, 20:03
Футбол: ӘЧ бүгін басталады
11.06.2026, 17:27
Болашаққа бәсеке: ЖИ бизнеске қалай әсер етеді?
11.06.2026, 17:25
Балқаштағы аурухана толық жөнделді
11.06.2026, 17:22
Биыл елімізде 11 мың шақырым жолды жөндейді
11.06.2026, 17:20