Президент Жолдауы: Демография мәселесі және білім сапасын көтеру бойынша маңызды не айтылды?

06.09.2020

Президент: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұл – мемлекеттік органдар азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл - ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог», - дейді.

Тағы бірнеше цитата: «Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек».

Жаңа тоқталдық, Қ.Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауды бастап көру туралы айтты. Келесі жылы. Сонымен бірге «...Мемлекет басшысы ретінде, шын мәніндегі көппартиялық жүйені дамытуға күш салуға міндеттімін» дегені.   

Сондай-ақ, жолым түйіспесе дегенмен тіршіліктің кейбір түйткілдеріне, тіпті проблемаларға сәйкес, құқық қорғау жүйесіне жүгінеміз. Президент айтқандай, «Бірақ құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр. Азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылатын жағдайлары да аз кездеспейді». Иә, осы сорақылық туралы біздерге, журналистерге қаншама адам келеді, келмейтіндері қаншама... 

Жолдаудың енді бір тармақтарына Саламат Омаш тоқталады. 

Хабарламаларға жазылу