Шетелде пандемия кезінде үйлену тойлары қалай өтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелде пандемия кезінде үйлену тойлары қалай өтеді?

05.09.2020

Той демекші, ғаламторды ашып қалсаң, шашыңды тік тұрғызатын ақпараттар бар. Мысалы, 2006 жылы 30 жасар индус келіншек жыланға тұрмысқа шықты. Атала ауылында ескі дәстүр бойынша бұл некені ресми бекітіп, монахтар дұға жасап берген. Бұл тойды көруге 2000 адам жиналыпты. Мұндай отбасыға не тілеріңді білмей, сең соққан балықтай сенделіп қалады екенсің өзі. Хош, келесі біз түсіне алмайтын неке міне. 2007 жылы Қытайдың Чжухай қаласында ерекше неке қию рәсімі өтті. Күйеу жігіттің есімі Лю Йе, қалыңдықтың есімі Лю Йе. Екеуі бір адам. Мәселе былай, жылдар бойы өзіне лайық жар таппаған азамат ақырында бұл әлемде өзіне қалыңдық болатын өзінен асқан адамның жоғына көзі жетеді. Жаңылтпаш боп кетті ғой деймін. Қысқасы, Лю Йе өз-өзіне үйленді. Тойына өзі жігіт боп киініп келді, ал қасында өзінің қыз болып киінген картинкасы тұрды. Не десеңіз, о деңіз, неке деген осындай. Шошып отырған болсаңыздар, анау ғаламторды ашып қарасаңыз, мұның бәрі мәселенің бергі жағы екеніне көз жеткізуге болады. Мейлі, әркімнің өз шаруасы. Біреудің отбасында неміз бар. Қазақтың тойы туралы айтқанда, өзге елдердегі қуаныштардың қалай тойланатынын, қазір не болғанын Түркиядағы арнайы тілшіміз Айдос Әшім айтады.

Хабарламаларға жазылу