Мемлекеттік қызметшілер қатары азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілер қатары азаяды

04.09.2020

Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту, ең алдымен, аппараттағы бос орындарды жабу арқылы жүзеге асады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері айтты. Бүгінде аппараттарда 8 мыңдай бос орын бар. 

Ал елдегі мем ызметшілер саны 97 мыңға жуықтайды. Оның 800 мыңы квазимемлекеттік секторда жұмыс істейді. Мамандар жаппай қысқарту болмас үшін оңтайландыру, штаттарды біріктіру шараларын ұсынып отыр. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік қызметкерлерді 2 жылда 25 процентке қысқартуды тапсырған еді. Биыл олардың қатары 10 пайызға азаюы керек.

Думан Әбілев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департамент директорының орынбасары:

- Еңбек министрлігі және оның органдары қысқартылған адамдарды, оларға жаңа біліктілік беріп, қайта даярлап, басқа мамандықтарға экономикаға қажетті секторларға жіберу де сондай жоспарлар бар. Мүмкін қызметкерлер кейбір салаларда ұзақ отырған шығар. Басқа жерлерге жіберу керек шығар. 

Мемлекеттік мекемелерде кадрларды қысқарту Солтүстік Қазақстан облысында басталып та кетті. Өңірде екі жылда 700-ге жуық штат жабылады. Оның жартысына жуығы бос вакансиялар негізінде азаймақ. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың сөзінше, аталмыш шаралар негізінде қызметкерлердің жалақысы өседі.  

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу