Премьер-Министр Талдықорған-Өскемен тасжолының құрылысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Талдықорған-Өскемен тасжолының құрылысымен танысты

03.09.2020

Шығыс Қазақстан облысы аумағында салынып жатқан Өскемен-Талдықорған автожолы мен қайта жөндеуден өтіп жатқан Қалбатау-Майқапшағай тасжолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Шығыс өңірі мен Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Асқар Маминге жауапты мамандар осылай деп мәлімет берді. Премьер-Министр Үшарал-Достық автожолының құрылысымен де танысты. Асқар Мамин қос өңірде салынып жатқан жол құрылысына қарқын беруді тапсырды. 

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы:

- Барлық компаниялар толықтай осында зауыттарын, басқа құрал жабдықтарын толық алып келген. Адамдар бар. Мына пандемияға қарамай, бар қарқынмен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысы сапар аясында Өскемен, Талдықорған және Аягөз қалаларының инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен танысты. Денсаулық сақтау нысандарының вирусқа қарсы жүргізіп жатқан жұмыстарын көрді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу