Университеттерді тексеру жұмыстары жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Университеттерді тексеру жұмыстары жалғасады

03.09.2020

Президент тапсырмасына сәйкес, жалған диплом беретін 5 университет жабылды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жүйесіз білім берген оқу орындарында 35000 студенттің оқығанын айтады. Бұған қоса 23 жоғары оқу орны 56 бағыт бойынша лицензиясын қайтарған.  

Сондай-ақ ғалымдарды тағлымдамадан өткізу, грант бөлуге қатысты сарапшылар мен тиісті мамандар бірлесе отырып арнайы жоспар әзірлеу үстінде. Министр онлайн брифингте кітап сапасына қатысты пікір білдірді. Жаңа басылып шығатын кітаптарда қате болмау керек. Өйткені баспадан шығару, өңдеу тексеру жұмыстары бірнеше кезеңнен өтеді. Қазір кітап авторларды да оқыту жұмыстары жүріп жатыр. Ал жоғарыда айтқан университеттерді қадағалау мәселесі тоқтамақ емес.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бұл жұмыстарды біз жалғастырамыз. Жылдың соңына дейін 24 жоғары оқу орны тексеріледі. Талапты күшейттік.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу