Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр

03.09.2020

Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Қызыл жалын 12 гектардан астам аумақты шарпыған. 

Жандос Темірғали, тілші: 

- Өрт 1 қыркүйек күні кешкі сағат 19:15-те тіркелді. Қызыл жалынның ошағы Атырау қаласынан шамамен 35 км қашықтықта орналасқан. Шығу себебі әлі белгісіз. Бүгінге дейін өртті сөндіру мүмкін болмады. Өйткені тілсіз жау шарпыған аумаққа апаратын жол жоқ. Барлау барысында «Веста» деп аталатын ауданда шамамен 500-800 шаршы метр болатын үш ошақ анықталды. Айналдырған 3 күннің ішінде 2 гектардай аумақ жанып кетті. 

 Рашид Біләлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Адам бара алмайтын батпақты жерде болып жатқаны анықталды. Қазір басында 50-ге жуық қызметкер және 8 техника жұмылдырылып, өртті толықтай жоюға жұмыстанып жатыр.

Жандос Темірғали, тілші: 

- Қауіптің беті қайтты. Әрі өрттен жануарлар жапа шеккен жоқ деп отыр. Барлау барысында өлекселері табылмаған. Жауаптылар қызыл жалынды бүгін сөндіреміз дегенді айтады. Жалпы, Теңіз жағалауындағы өрт оқиғасы бұдан бұрын 22 тамыз күні анықталған еді. Бүгінге дейін 12 гектар аумақтағы қамыс түгелдей жанып кетті. 

Хабарламаларға жазылу