Пайдаланылмай жатқан жерлер мәселесі түбегейлі шешілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пайдаланылмай жатқан жерлер мәселесі түбегейлі шешілуі тиіс

02.09.2020

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылуы керек. Президент өз Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Сондай-ақ, елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыру қажет. Ел шаруаларының да күткені осы. Олар Жолдауда айтылған мәселелер өз шешімін табар болса, ісіміз оңға басар еді дейді.

Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы арзанға бағаланады. Шаруалар өнімдерін жақсы бағаға сата алмай, екі ортада алыпсатарларға жем болып жатады. Сондықтан Президент Үкіметке субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары арқылы ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуді тапсырды. Әсіресе, пайданылмай жатқан жерлерді қайтару керектігі қадап айтылды. Бұл бастамалар фермерлерді ерекше қуантып отыр.  

Данияр Алманов, шаруа қожалығының төрағасы:

- Өнімді өзіміз шығарамыз, бірақ бізден алыпсатарлар жақсы пайда көреді бізден гөрі. 

Салада білікті маман аз. Аграрлық ғылымның дамымауы да үлкен мәселеге айналып отыр. Ал, шағын шаруашылықтар жаңа технология жетістіктеріне қол жеткізе алмай келеді. 

Айпатша Жұбанышева, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

- Ең негізгі мәселенің бірі - салада жас мамандардың болмауы. Олар өте аз. Сондықтан білім сапасына да ерекше мән беру қажет деп ойлаймын. Жаңа технологияларды игеру ісі де маңызды. Президентіміз осы мәселелер жөнінде жақсы айтты.

Жақсыбек Кемал, тілші:

- Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Сондай-ақ салаға инвестиция тарту ісі де аса маңызды. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін шұғыл шаралар қабылдау да - басты міндеттің бірі. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу