Қарағандыда болған атыс: Күдікті есін жиды
Қарағандының Майқұдық ықшамауданында болған атыста жарақаттанған күдікті есін жиды. Ол күзет бақылауында. Дәрігерлердің айтуынша, оның белінен төмен қарай, сан мен тізе тұсынан бытыра оқ тиген. Науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Ал сол төбелесте жүрек тұсына пышақ сұғылған адам ауруханаға жетпей көз жұмған болатын. Облыстың тәртіп сақшылары адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал оқ атқан үшінші адам туралы әзірге еш ақпарат жоқ. Полиция мұны «тергеу құпиясы» деп отыр.
Жанатай Сембеков, Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Полицияда қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02