Сенат депутаттары ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары ант берді

01.09.2020

Парламенттің жоғарғы палатасына жаңадан сайланған депутаттар бүгін ант берді. Жаңа жұмыс маусымын ресми түрде бастай отырып, сенаторлар комитет төрағалары мен мүшелерін бекітті. 

Ал Сенат төрағасының орынбасары лауазымына депутаттыққа Президент тағайындаған Нұрлан Әбдіровтың кандидатурасы бірауыздан сайланды. Сенат комитеттерінің саны мен атаулары өзгеріссіз қалды. Депутаттар комитет төрағаларының өткен маусымдағы нәтижелі жұмысын ескере отырып, қызметтеріне қайта сайлады. Мәулен Әшімбаев әріптестеріне сәттілік тілей отырып, Сенат алдындағы жауапкершілікті атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жұмысын әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталып, Парламет пен Үкіметтің алдына нақты тапсырламалар қойды. Жолдауда айтылған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан уақытылы, әрі сапалы қамтамасыз ету - біздің негізгі міндетіміз. 

Хабарламаларға жазылу