Шымкентте баласы анасын көлікпен басып кетті
Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жас жігіт көлігімен қозғалмақ болып, алға қарай жылжиды. Сол кезде жерде отырған анасын байқамай, басып кетеді.
Оқиға салдарынан 56 жастағы әйел сол жерде жантәсілім еткен. Қайғылы жағдайдан кейін үй иелері құтқарушыларды шақырған.
Себебі, көліктің астында жаншылып қалған анасының денесін алып шығу қиынға соғыпты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар «Opel Vectra» автокөлігін кесіп, астынан мәйітті алып шыққан.
Нұрлан Темірбаев, ОҚО ТЖД бас маманы:
Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары барып, арнайы құтқару құрал-саймандарымен мәйітті көліктің астынан шығарып алды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасының тергеушілері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев:: «Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс»
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00