ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды
Ұлттық тестілеу орталығы 97 түлектің грантын қайтарып алды. Ақпаратты орталық директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында жариялады.
ҰБТ кезіндегі бейнежазбалар тексеріліп, жалпы 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылған. Арасында жоғары, яғни 138 балл алған талапкер де бар. Бұдан бөлек, 7 бөгде адам талапкерлердің орнына кіріп, тест тапсырмақ болған. Кейбір балаларға кезекші педагогтың өзі көмектескен. Мұны бейнежазбадан аңғаруға болады.
Ұлттық тестілеу орталығы заңсыздыққа барған кезекшілердің жауапқа тартылуын талап етпек. Ал пысықайлардан қайтарылған оқу гранттары тестті өз білімінен тапсырып жоғары балл алған 97 балаға беріледі.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04