Алматы тұрғыны 6,5 млрд теңгенің заңсыз ақша айналымын жүргізген

29.08.2020

Алматыда өзінің еншілес компаниялары арқылы 6,5 миллиард теңгеге коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура берген адам анықталды. Жалпы экономикалық тергеу департаменті қазір осындай заңбұзушылықтарға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері 19,5 миллиард теңгеге жасалған шот-фактуралар анықталып, қала соттарына 8 қылмыстық іс жолданды. Осылайша оны қолма-қол ақшаға айналдырушылар контрагенттерге 5,4 миллиард теңге көлемінде салықтан құтылуға көмектескендер белгілі болды.

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша, яғни жалған шот-фактураларды жасау деректері бойынша жұмыстар жалғасуда.

Нұрхан Нқрланұлы

Хабарламаларға жазылу