Қазақстан ғалымдар коронавирусты анықтайтын жаңа тест жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ғалымдар коронавирусты анықтайтын жаңа тест жасады

28.08.2020

Отандық ғалымдар коронавирусты анықтайтын жаңа тестілеу жүйесін жасады. Тест изотермиялық күшейту арқылы жұмыс істейді. Яғни, ПТР-мен салыстырғанда молекулалық диагностиканы әлдеқайда арзан және жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. 

Оған қымбат құрал-жабдықтар қажет емес. COVID-19-ды инкубация кезеңінде анықтай алады. Қазір коронавирусты анықтайтын жаңа тест жобасы дайын. Оны жүзеге асыру үшін ресурстар, оның ішінде қаржы қажет. Жаңа тест жүйесі пандемия мен карантин кезінде дәрігерлерге тез әрекет етуге көмектесе алады.

Диляра Гриценко, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының зертхана меңгерушісі:

- Біз Алматы мен Нұр-Сұлтанда және басқа да аймақ орталықтарында сынама өткізу үшін арнайы тест әзірлеп шықтық. Себебі бұл жүйе қымбат жабдықтарды қажет етпейді. Кез келген жерде жұмыс істеуге болады. Біздің жобамыз карантин мен пандемия кезінде тез әрекет етуге қолайлы.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу